№4 педагогикалық кеңес » №184 бөбекжай-балабақшасы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№184 бөбекжай-балабақшасы"
коммунальдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(727)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
сәуір
2023

№4 педагогикалық кеңес

№ 4 педагогикалық кеңестің хаттамасы 

31.03.2023ж

Қатысқандар: 38

Қатыспағандар: 0

Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік дамуына жобалау әрекетінің ықпалы

Күн тәртібінде:

1.№3 педагогикалық кеңестің орындалуы

2.Бақылау қорытындысы: «Балабақшаның тәрбиелеу білім беру процесіне жобалау технологиясын енгізу арқылы мектепке дейінгі балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту»

3. Педагогтерге арналған шебер сынып

4. №3 педагогикалық кеңестің шешімі

Педагогикалық кеңес барысы: 

Психологиялық тренинг: «ХИ-ХА-ХО»

Мақсаты: бойдағы жағымсыз эмоциядан арылу

Шарты: шеңбер бойы бір – бірінің белдерінен ұстап тұрады. «ХИ» дегенде алға еңкейіп, «ХА» дегенде артқа шалқайып, «ХО» дегенде бір бірінің оң ыйықтарына бастарын қою керек. 

Әдіскер: А.М Шеримкулова

1.Бірінші сұрақ бойынша  балабақша меңгерушісі Ж.А Алиакбарова  №3 педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуы, яғни,  білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік  жалпыға міндетті білім беру стандартына сай  білім беру дағдысы мазмұны бойынша заттық кеңістік ортаны, жабдықтау, ресурсты түрлендіру, Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі ұйымдарында және мектепалды даярлық сыныптарында 2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру туралы әдістемелік нұсқау хатта көрсетілгендей  баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтармен толықтыру,

баланың сөйлеу мәдениеті мен логикалық ойлау қабілеттерінің деңгейін арттыру бойынша жүргізілілген жұмыс, педагогтардың жеке шығармашылығын дамыту бойынша жүргізілген жұмыстары, ашық ұйымдастырылған іс әрекеттерді  әдістемелік талаптарға сай, жоба технологиясын қолдана отырып, СМАРТ мақсаттары анықталып жүйелі жұмыс жаңа технологиялар, СМАРТ технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылу керектігі туралы айтты. Педагогикалық кеңесті ашық деп жариялады. 

2. Екінші сұрақ бойынша балабақша әдіскері А.М Шеримкулова  «Балабақшаның тәрбиелеу білім беру процесіне жобалау технологиясын енгізу арқылы мектепке дейінгі балалардың зияткерлік қабілеттерін дамыту» тақырыбында бақылау қорытындысын оқыды.

- 08.02-22.02.2023 жыл аралығында КМҚК «№ 184  бөбекжай балабақшасы» тақырыптық бақылау өткізілді.

Мақсаты: балалардың танымдық қызығушылығын дамыту, өз беттерінше және тәрбиешісі мен ата-анасының көмегі арқылы өз білімдерін дұрыстап ақпараттық кеңістікте жөн таба білу және сыни ойлауды дамыту.

Бақылау нысаны: Педагогикалық қызмет және оның нәтижесі. Балабақшадағы білім беру жұмысының жүйесі.

 Бағалау құралдары:

- тәрбие-білім беру жұмысының жоспарын тексеру;

 - дамытушылық ортаны бағалау;

-әдістемелік кабинеттің жабдықталуы.

-ата-аналармен ынтымақтастық жұмыстың жүргізуі;

Тексеру барысында педагогтердің жылдық міндетті іске асыру мақсатында  әдістемелік жұмыстың жаңа түрлерін игеру, жобалау технологияларды қолдану және педагогикалық қызметтің дәстүрлі емес әдістемелері саласында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін қалыптасуы, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтерінің, тәрбиеленушілердің отбасыларымен тиімді өзара әрекет етуі. АҚТ-ны қолдану басты назарда болды.

Тақырыптық тексеру барысында барлық жас топтарындағы ұйымдастырылған іс – әрекеті  тікелей қаралды.

Тексеру не көрсетті:

Оқу-тәрбие процесін жоспарлауды талдау көрсеткендей, тәрбиешілер балалармен әр түрлі іс-әрекеттерді олардың жеке және жас ерекшеліктерін, сондай-ақ балалардың тәулік уақытын ескере отырып жоспарлайды. Іс-шаралар күні бойы, ұйымдастырылады. Жоспарлау кезінде барлық тәрбиешілер балаларды ұйымдастырудың әртүрлі формаларын ескереді, балаларды топқа бөліп, әр балаға жеке жұмыс жүргізіледі.

Тәрбиешілер балалардың психикалық белсенділігін белсендіретін әртүрлі тәсілдер мен әдістерді қолданады,  балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып акт қолданады, СМАРТ теледидарынан YouTube қосымшасы арқылы физикалық жаттығулар, динамикалық жаттығулар жасайды, танымдық мультфильмдер көрсете алады. Сонымен қатар жұмыс нәтижелерін VivaVideo, InShot қосымшалары арқылы өңдеп, инстаграм желілерінде таратады. Ойын технологиясы, құм терапиясы технологиясы, денсаулық сақтау технологиясы, М.Монтессори технологияларын кеңінен қолданады.

Педагогтердің өздігінен білім алу жоспарларын (портфолиосын) талдау негізінде барлық педагогтердің портфолиосы бар екенін, барлық педагогтер оны жүйелі түрде толықтырып отыратынын атап өткен жөн. Жобалау технологиясы  бойынша әр педагогтың жеке шығармашылық тақырыбы және жұмыс жоспары жасалды.

         Жоба технологиясын  енгізу үшін балабақшадағы  жағдайларды талдағаннан кейін келесі қорытынды жасауға болады:

Педагогтер жоба технологиясы  туралы ақпараттандырылған, инновациялық қызметті сәтті жүзеге асыру үшін жеткілікті білімі, дағдылары мен әлеуеті бар, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады, әртүрлі іс-шараларға қатыса отырып, өздерін шығармашылықпен көрсетуге тырысады. Интернет рисурстарын қолдана алады. Электронды почтаны пайдалана алады.

Педагогтер үшін әдістемелік көмек ұйымдастырылады, әдістемелік құралдар да бар. Әдістемелік кабинетте көрнекіліктерді дайындауға арналған 2 компьютер, 1 ноутбук,1 интерактивті тақта бар. Әдістемелік құралдар, балаларға арналған сөйлейтін қалам «Даналық әліппесі» педагогтер үшін қол жетімді. Білім беру процесін қамтамасыз ететін материалдық-техникалық база қазіргі заман  талаптарға сәйкес келеді.

Жобалау технологияларының  мақсатына  қол жеткізу үшін дамытушы  орта педагогтердің шығармашылығымен балалардың жас ерекшеліктері ескеріле отырып жасақталып келеді.

Ата –аналармен ынтымақтастық жұмыс жоспарына сай сурет және қолөнер көрмелері ұйымдастырылады. Әр тақырып бойынша ертеңгіліктерге ата-аналар келіп қатысады. 

Қорытындылар:

 - Жобалау технологиясы  қызмет бойынша жұмыс мектепке дейінгі ұйымның жылдық міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады.

 - Жұмыстың жобалау технологиясы  түрлері білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын – балаларды, педагогтер мен ата-аналарды қамтиды.

 - Педагогтердің жобалау технологиясын табысты іске асыру үшін жеткілікті білімі, іскерлігі және әлеуеті бар. Олар жобалау технологиясы  бағыты бойынша  әртүрлі әдістемелік іс-шараларға қатысады: конкурстар, семинарлар, іскерлік ойындар, тренингтер, жобалау қызметі және т.б.

-Балабақшада материалдық-техникалық базасы заманауи талаптарға сай, үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады. 

Ұсынымдар: Педагогикалық ұжымның қызметінде жобалау технологиясы  бағытын жүзеге асыруды және жетілдіруді жалғастыру, жобалау технологиясы  қызметті сәтті жүргізу үшін балабақшаның  ақпараттық, әдістемелік, материалдық-техникалық базасын дамыту. Педагогтерге осы бағыттағы құзыреттілікті өздігінен білім алу және аттестатталудан өту арқылы арттыру жалғастырылсын. Ата-аналармен бірге іс-шараларға көбірек көңіл бөлу ұсынылсын.

3.Үшінші сұрақ байынша балабақша тәрбиешілері  М.Халиева, А.Асимова, А.Иманкулова, А.Мухаметжанова, Ж.Еркінова  педагогтерге арнап шебер сынып  көрсетті. 

Тәрбиешілерге бағдаршам әдісімен шебер сыныпты көрсеткен  педагогты бағалауын сұраймыз. Қызыл түс – орташа. Сары түс – жақсы. Жасыл түс – өте жақсы деген баға береді.

Шешімі:

1. №3 педагогикалық кеңестің орындалуы қанағаттарлық деп саналсын.

2. Бақылау қорытындысы бойынша педагогикалық үдерісті заман талабына сай ұйымдастыру, педагогтердің жеке шығармашылығын дамыту, педагогикалық инновацияларды қабылдау, өзгеріп жатқан педагогикалық ортаға бейімделу қабілетін қалыптастыру.

Жауапты: барлық педагог, мамандар

Мерзімі: үнемі

3.Тәрбиешілер  М.Халиева Шығармашылық дағдыларды, зерттеу іс – әрекетін дамыту бойынша «Дәстүрден тыс сурет салу». 

 А.Асимова Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту бойынша  «Қызықты математика».

 А.Иманкулова  Физикалық қасиеттерді дамыту бойынша «Шынықсаң шымыр боласың».

 А.Мухаметжанова Коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша  «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала боларма».

 Ж.Еркінова Әлеуметтік – эмоционалды дағдыларды дамыту бойынша «Менің отбасым»  шебер-сыныбында көрсетілген жобалау технологияларын тәжірибеде қолдану.

Жауапты: барлық педагог, мамандар

Мерзімі: үнемі