08
шілде
2021
Іс - шара
Тәуелсіздігіміздіктің 30 жылдығына орай "Әкем, шешем және мен" сауықтыру шарасына байланысты өткізілетін отбасылық, спорттық сайыс.
Мақсаты: Балалардың дене бітімі дұрыс жетілуі үшін және спорттық дене шынықтырудың маңызын түсіндіру, қызығушылықты арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Балалар арасындағы ынтымақтастыққа өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту.
«Өмір негізі – денсаулық; Денсаулық негізі – спорт;» деген сөздің мақсатын түсіндіру.
Көрнекілік: доп, кольцо, кедергілер, скакалка.
Жүру барысы: 1) Ұйымдастыру
2) Командамен таныстыру
3) Сайыстың шарттары
4) Әзіл – қазылар алқасын тағайындау
5) Сайысты қорытындылау
Құрметті қонақтар, ата – аналар балабақша ұжымы бүгін ата – аналар арасында ұйымдастырылып отырған « Әкем, шешем және мен» атты отбасылық сайысымызға Қош келдіңіздер!
Келіңіздер көріңіздер
Тек ынта бөліңіздер
Мықты боп шынығып
Шығам деп сеніңдер - өткізіп
Ендеше бүгінгі сайысымызға қатысатын топтарды ортаға шақырамыз.
І. «Қыран» тобы
ІІ. «Сұңқар» тобы
ІІІ. «Ақжелкен» тобы
ІV. «Балапан» тобы
Бұл топтарға сәттілік тілей отырып, әділ – қазылар алқасымен таныстырайық
Балабақшамыздың әдіскері:
- Әділ қазылар алқасымен ойынымыздың әділ бағалауын және әр сайыс шартынан кейін, әр топтың бағасын жеке – жеке көтеруін сұраймыз!
- Бүгінгі спорттық сайысымыз 6 бөлімнен тұрады
1. «Есепті тез шығар» Кім есепті дұрыс шығарып, мәреге тез жетсе, жеңіс сол топтікі болып саналады.
Әділ қазылардан сайыскерлеріміздің бағасын сұраймыз
2. «Секірмек» мұнда аяғы байлаулы күйде кедергілердің арасымен, құлатпай бар жылдамдықпен мәреге жетуі тиіс.
Әділ қазылар сайыскерлерімізді қалай бағалар екен?
3. «Допты тез жеткіз» Ыдасқа допты алып, кедергілерді аралап құлатпай, мәреге жетуі тиіс.
Бұл ойынымыз қызықты, көңілді өтті.
- Ал, енді біздің сайыскерлеріміз үй қалай салады екен, бұған қазылар алқасы қандай баға берер екен?
4. «Бір шаңырақ астында» Бұл ойынымыздың шарты, бір шеңбермен мәренің басына дейін барып, қайтып келесі адамды шаңырақ астына алып, мәреге бар жылдамдықпен жетуі тиіс.
- Ал, енді батпаққа батпай жеткен сайыскерлеріміздің бағасын берейік
5. «Тез жет» бұл ойынымыздың шарты көрпешенің үстіне тұрып, келесі көрпешені алдына қойып жеңіс мәресіне жетуі керек.
6. «Арқан тартыс»
- Сайыскерлеріміз қандай баға алар екенбіз деп үмітпен қарауда.
- Құрметті көрермендер «Әкем, шешем және мен» атты спорттық спорттық сайысымыз өз мәресіне келіп жетті.
- Әділ қазылар шешімін шығарады
- Сөз кезегін әділ қазылар алқасы Аида Майбековнаға береміз.
- Міне бүгін денсаулық кепілі спорттық отбасылық сайысымыз өз мәресіне жетті.
Жеңісті күндерде жолыққанша!