Баланың мектепке дайындығына әсер ететін фактолар » №184 бөбекжай-балабақшасы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№184 бөбекжай-балабақшасы"
коммунальдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(727)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Баланың мектепке дайындығына әсер ететін фактолар
23
қазан
2025

Баланың мектепке дайындығына әсер ететін фактолар

Мақсаты: мектепке бару кезінде мектеп жасына дейінгі балалардың ата-аналарына әдістемелік көмек көрсету.
 Міндеттері: баланың мектепке дайындығына әсер ететін факторларды айқындау және баланы мектепке табысты дайындау үшін практикалық ұсынымдар қалыптастыру.
 
 Баланың мектепке дайындығына әсер ететін фактолар
 
 
 1.Дене бітімінің дамуы
 − ұсақ және ірі моториканы дамыту;
 − қимылдарды үйлестіру;
 − баланың дені сау болуы;
 − мектеп ортасының физикалық талаптарын жеңе білу (ұзақ отыру, жүгіру, секіру және кішігірім әрекеттерді орындау).
 2.Когнитивті даму
 − когнитивті дағдыларды дамыту (зейін, есте сақтау, ойлау, тіл дағдылары және математика алды дағдылары);
 − жинақталу, нұсқауларды түсіну, мәселелерді шешу және оқу процесіне қажетті негізгі білім мен дағдыларға ие болу мүмкіндігі.
 
 3.Әлеуметтік-эмоционалды даму
 − басқа балалармен және ересектермен қарым қатынас жасау қабілеті;
 − өз эмоцияларыңды басқару;
 − жанжалдарды шешу;
 − өзгерістер мен стресстік жағдайларды жеңу;
 − жаңа әлеуметтік ортаға бейімделу қабілеті;
 − басқаларға назар аудару және ынтымақтастық орнатуға эмоционалды дайындық.
 4.Дербестік
 − негізгі өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын (киіну, шешіну, дәретхананы пайдалану және гигиенаны сақтау) орындау мүмкіндігі;
 − күнделікті міндеттердегі дербес болу мүмкіндігі.
 5.Ата-аналардың қолдауы
 − үйдегі қолайлы білім беру ортасы;
 − баланың оқуға деген қызығушылығын қолдау және ынталандыру;
 − баламен бірге үнемі оқу;
 − тұрақты ойындар;
 − мұражайлар мен кітапханаларға бару;
 − оқу тақырыптарын талқылау;
 − академиялық дамуды қолдау.
 6.Мектепке дейінгі білім беру сапасы
 − баланың мектепке дейінгі бағдарламаға қатысуы;
 − баланың мектепалды даярлыққа қатысуы.
 7.Баланың жеке ерекшелігі
 − баланың өзіндік ерекшелігін және оның әртүрлі қарқынмен және бағыттарда дамуын ескеру;
 − баланы мектепке табысты бейімделуі үшін қажетті қолдау мен ресурстармен қамтамасыз ету.

Похожие публикации:

21 қыркүйек 2023 әдістемелік жұмыс
08 желтоқсан 2022 Педагогикалық кеңес
14 маусым 2021 Іс - шара