№3 педагогикалық кеңес » №184 бөбекжай-балабақшасы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№184 бөбекжай-балабақшасы"
коммунальдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(727)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
сәуір
2026

№3 педагогикалық кеңес

Алматы қаласы Білім басқармасы КМҚК «№ 184 бөбекжай-балабақшасы»

2025-2026 оқу жылының

№ 3 педагогикалық кеңестің хаттамасы

30.01.2026ж

Қатысқандар: 42

Қатыспағандар: 0

Күн тәртібінде:

1. Педагог мамандардың жарты жылдық есебі. 

2. Аралық мониторингт ің қорытындысы. 

3. 4. «Мектеппен сабақтастық: «Бастауышпен көпір» жобасы 

Әдіскер: Кафарова М.С

4. Педкеңес шешімін қабылдау.

Педагогикалық кеңестің барысы.

Сөйледі. №3 педагогикалық кеңесті балабақша меңгерушісі Жанна Абдуллаевна ашық деп жариялап, кеңестің күн тәртібімен таныстырды. Күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталып, педагогтардың есеп беру кезеңіндегі жұмыстарына қысқаша шолу жасады.

1-мәселе бойынша:
 Педагог мамандар жарты жылдық атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді. Есеп барысында оқу-тәрбие үдерісінің сапасы, балалардың даму көрсеткіштері, қолданылған әдіс-тәсілдер мен жетістіктер талқыланды. 
Сонымен қатар, туындаған қиындықтар мен оларды шешу жолдары ұсынылды.

2-мәселе бойынша:
 Аралық мониторинг нәтижелері қарастырылды. Балалардың білім, білік, дағдыларының деңгейі сараланып, әр топ бойынша талдау жүргізілді. Мониторинг қорытындысы бойынша кейбір бағыттарда қосымша жұмыс жүргізу қажеттілігі атап өтілді.

Тыңдалды. Әдіскер Кафарова М.С «Мектеппен сабақтастық: “Бастауышпен көпір”» жобасы бойынша баяндама жасады. Жоба аясында мектепке дейінгі ұйым мен бастауыш сынып арасындағы байланысты нығайту, балаларды мектепке дайындау жұмыстарының тиімді жолдары қарастырылды. Педагогтар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

Мазмұны:
 Бұл жоба балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастықты жүйелі түрде қалыптастыруға бағытталған. 
Баяндамашы мектеп психологы және бастауыш сынып мұғалімдерімен өзара іс-қимыл формаларын таныстырды:

  • «0-сыныппен танысу» күні;
  • Мектепке дайындық диагностикасы;
  • Бірлескен ойын-жаттығулар мен экскурсиялар;
  • «Мен мектепке барамын» жобасы аясындағы сабақтар.

Ата-аналармен бірге бастауыш мектепке қатысты ашық пікірлесу алаңдары құрылып, болашақ бірінші сынып оқушыларына эмоционалдық қолдау көрсетудің маңыздылығы айтылды.


Шешім:

  1. №2  педагогикалық кеңестің шешімінің орындалуы қанағаттанарлық деп есептелсін.
  2. Педагог мамандардың жарты жылдық есебі қанағаттанарлық деп есептелсін. QR карточкалар толықтырылсын.

Мерзімі: үнемі. Жауапты: мамандар.

  1. 3. Аралық мониторингт ің  көрсеткіштері   жоғары  %  көрсеткіштерге көтеру үшін ойын түрлері қолданылсын. 

 Мерзімі: үнемі . Жауапты: мамандар, барлық топ тәрбиешілер.

  1. «Бастауышпен көпір» жобасы жүйелі түрде жалғастырылып, мектеппен байланыс күшейтілсін.

Мерзімі: үнемі . Жауапты: мамандар, барлық топ тәрбиешілер.



КМҚК «№ 184 бөбекжай-балабақшасының»

меңгерушісі                                                                                          Ж.А. Алиакбарова


КМҚК «№ 184 бөбекжай-балабақшасының»

әдіскері                                                                                                   М.С.Кафарова                                                                 


Похожие публикации:

21 қыркүйек 2023 әдістемелік жұмыс
08 желтоқсан 2022 Педагогикалық кеңес