әдістемелік жұмыс
№ 5 педагогикалық кеңестің хаттамасы
Қатысқандар: 38
Қатыспағандар: 0
№ 5 педагогикалық
Тақырыбы: 2022–2023 оқу жылына арналған қорытынды педагогикалық кеңесі,
«Көңілді мәре» тәрбиешілер арасында спорттық сайыс.
Мақсаты: Педагогикалық кеңесті дәстүрден тыс өткізуді дәріптеу. Педагогикалық ұжымының спортқа деген қызығушылығын арттыру, қимыл қозғалыстарын жетілдіру, ептілік, шапшаңдыққа баулу. Бір орта мақсатты жұмыла бірігуге, ұйымшылдыққа баулып, қимыл әрекетке жаттықтыру.Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылданып тұруға шақыру. Күш қуат пен сергіштікті дамыту.
Күн тәртібінде:
1. №4 педагогикалық кеңестің орындалуы.
2. Жылдық мониторинг қорытындысы, балалардың мектепке дайындығы.
3. Педагогикалық кеңестің шешімі.
Педагогикалық кеңесті балабақша меңгерушісі Жанна Абдуллаевна ашты. Педагогикалық ұжымды 2022 -2023 оқу жылының аяқталуымен құттықтады. №4 педагогикалық кеңестің орындалуына тоқталып өтті. Келесі сұрақ бойынша әдіскер Аида Майбековнаға сөз берді.
Педагогикалық кеңес барысы:
Жүргізуші әдіскер Аида Майбековна: Құрметті педагогикалық ұжым бүгін қорытынды №5 педагогикалық кеңесті үлкен спорттық мереке түрінде өткіземіз. Бүгінгі біздің жарысқа тәрбиешілер қатысқалы тұр. Олай болса ұжымдастармен бірге орындайтын спорттық өнерлерін көрсетуде, жылдам, епті, ұйымшылдық және көңілді екенін көрген қандай керемет екенін көрейік. Біз онда қатысушыларымызға сәт сапар тілейміз.
Спорт- көркі өмірдің,
Спорт – досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп толарсың,- демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спорттық серік етейік. Сайысқа қатысқалы тұрған қатысушыларымыздың кеудесінде өздерінің төс белгісі бар.
Жарысты бастамас бұрын әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болайық:
Балабақша меңгерушісі: Алиакбарова Жанна Абдуллаевна
Балабақша психологы : Искакова Ғалия Орынтаевна
Балабақша логопед маманы: Сагымбаева Гульмира Кыдырбековна
Балабақша медбикесі: Туткабекова Ғалия Данияровна
Бүгінгі сайсымыз 9 турдан тұрады ойын атауымен таныс болыңыздар.
1.Таныстыру.
2. Шаңғы ойыны.
3. Кім шапшаң?
4. Қайраттылар.
5. Кім епті?
6. Кім жылдам?
7. Мен мықтымын.
8. Бәрекелді.
9. Кім тапқыр.
Қасиетті жердің,
Егеменді елдің
Біз шыныққан шымыр ұланы.
Самғай биік ұшқан,
Ғарыш төсін құшқан
Құрыш қайрат қайсар қыраны
Ұстаздарды таңдап,
Шеберлікті шыңдап,
Дайындалып келдік жарысқа.
Достарымды демеп,
Тобымызды жебеп.
Үлес қосам ортақ табысқа,-деп келген бүгінгі сайысқа қатысушыларымызды қолдап, ән ұранымызды айтып, ойынымыздың бірінші кезеңіне кезек берейік.
1. Ойынның аты: Таныстыру.
Ойынның шарты: Қатысушылар өз командасын және төс белгілерін толық таныстырып өтеді. Жақсы таныстырған қатысушыға жоғары ұпай беріледі.
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай
2. Ойынның аты: Шаңғы ойыны.
Ойынның шарты: Қатысушылардың аяғы жіппен бір біріне байланып қолдарына ұзын таяқша ұстап мәре сызығынан сөре сызығына шаңғы жүрісімен жүріп мәреге келу 3 мәрте қайталау. Бірінші келген команда жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай
3. Ойынның аты: Кім шапшаң?
Ойынның шарты: Қатысушылар қатарға тұрып, құрсауды басынан өткізіп, аяғынан шығарып келесі ойыншыға береді. Бірінші болып барлық құрсауды толық денесінен өткізген командаға жоғары ұпай беріледі жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай
4. Ойынның аты: Қайраттылар.
Ойынның шарты: Бір арқанға екі педагог кіріп, тартысып тақтаға ДОП сөзін жазу керек. Кім бірінші жазып болады сол топ жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай
5. Ойынның аты: Кім епті?
Ойынның шарты: Қатысушылар мәре сызығынан сөре сызығына кедергілер арасымен аяғына қап киіп алып секіріп барып кері қайтады. Бірінші келген команда жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай
6. Ойынның аты: Кім жылдам?
Ойынның шарты: Қатысушылардың қолы артына байланады мәре де стол үстінде түрған жүлдызшаларды аузымен қыстырып алып сөреде тұрған карзинаға апарып салу керек келесі ойыншы жұлдызша біткенше жалғастыра береді. Бірінші келген команда жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай
7. Ойынның аты: Мен мықтымын.
Ойынның шарты: Қатысушылар мәре сызығынан сөре сызығына дейін жерге отырып, допты алдына қойып барып, кері келеді. Бірінші келген команда жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай
8. Ойынның аты: Бәрекелді.
Ойынның шарты: Әр команда қақпақтарды, таяқшамен жинап алу керек. Бірінші жинап алған команда жеңімпаз атанады.
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай
9. Ойынның аты: Викториналық сұрақтар. Кім тапқыр?
Ойынның шарты: жүргізуші сұрақ қояды, сол сұраққа кім жылдам әрі дұрыс жауап береді сол команда жеңіске жетеді.
- Сұрақ: мектепке дейінгі білім берудың 5 саласы, не деп ауысты, атап шық?
Жауап: мектепке дейінгі білім берудің 5 дағдысы. Физикалық қасиеттерді дамыту. Коммуникативтік дағдыларды дамыту. Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту. Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс – әрекетін дамыту. Әлеуметтік – эмоционалды дағдыларды қалыптастыру.
- Сұрақ: мектепке дейінгі ұйымдағы мектепалды топтың аптасына ұйымдастырылған іс – әрекеттің саны?
Жауап: 20 сағат
- Сұрақ: Мектеп алды жастағы балалардың құзыреттіліктерін қалыптастыру бойынша бір ұйымдастырылған іс – әрекеттің ұзақтығы?
Жауап: 20-25 минут
- Сұрақ: мектепке дейінгі жас?
Жауап: 3-4 жастағы балалар
- Сұрақ: бөбек жасындағы балалар?
Жауап: 1-2 жас
Әділқазылар алқасының бағасы 3-4-5 ұпаймен бағаланады ең жоғарғы баға «5» ұпай
Өнерге биік сеніңіз,
Думанға қызық келіңіз,
Әділқазы ел сенген,
Өнерге баға беріңіз!
Әділқазы алқалары сөз береміз.
Педагогикалық кеңестің шешімі:
1. №4 педагогикалық кеңестің орындалуы қанағаттарлық деп саналсын.
2. Жылдық мониторинг қорытындысы, балалардың мектепке дайындығын жоғары деңгейде жүргізу үшін, инновациялық технологиялары қолданылсын. Тәрбиеші, мамандар өз білімін көтеру үшін курстарға қатыссын.
Жауапты: әдіскер, барлық педагогтер, мамандар
Мерзімі: үнемі
№5 қорытынды педагогикалық кеңестің соңында Зейнолла Қабдоловтың ұстаздық ету – уақыт ұту емес, өзгенің бақытын аялау, өзіңнің уақытыңды аямау деген сөзі есіме түсіп отыр. Бірақ бұған өкінбеу керек. Адам тәрбиелеуден асқан абыройлы іс, ардақты жұмыс жоқ. Балабақша ұстазы болу – ұлы нәрсе. Біз балабақша педагогтері өз мамандығымызды сүйіп, сыйлап жұмысымызды адал атқарсақ, еңбегіміз еленіп, ескеріліп, жемісі мол болатынына сенімдімін.