әдістемелік жұмыс » №184 бөбекжай-балабақшасы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№184 бөбекжай-балабақшасы"
коммунальдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(727)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
қыркүйек
2023

әдістемелік жұмыс

№ 1 педагогикалық кеңестің хаттамасы 

31.08.2023ж

Қатысқандар: 42

Қатыспағандар: 0

Тақырыбы: 2023-2024 оқу жылында балабақша жұмысының негізгі бағыттары. 

Мақсаты: Жазғы сауықтыру кезеңіндегі жұмыс қорытындысын шығару, жаңа оқу жылына балабақша қызметінің жоспарын қабылдау және бекіту. Сапалы білім және тәрбие  беру қызметін ұсыну үшін оңтайлы жағдайлар жасау. Педагогтердің кәсіби дайындығының деңгейін анықтау, ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасай білуге, өз көзқарасын дәлелді түрде қорғай білуге тәрбиелеу.

Күн тәртібі:

1. 2023 – 2024 оқу жылына педагогикалық кеңестің төрағасы мен хатшысын сайлау туралы. 

2. Балабақшадағы жазғы сауықтыру жұмысын талдау.

3. Педагогикалық қызметкерлердің тамыздық конференциясының қорытындысы бойынша сөз сөйлеу.

4. Жаңа оқу жылына балабақша  жұмысының міндеттері мен іс-шаралары. Жылдық жоспарды, күн тәртібін, ұйымдастырылған іс – әрекеттің  кестесін бекіту.

5. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын және үлгілік оқу жоспарын, үлгілік оқу бағдарламасын жүзеге асыру жағдайында білім беру үдерісін ұйымдастыру және жаңа оқу жылына балалармен жұмыс істеу үшін жағдай жасау.

6. Топтың жаңа оқу жылына дайындығын тақырыптық тексеру нәтижелері. 

7. 2023 - 2024 оқу жылына жұмыс топтарының құрамын таңдау:

- балабақшаның аттестаттау және сараптау комиссиясы;

- әдістемелік кеңестің құрамы;

- шығармашылық топтың құрамы.

8. Педагогикалық кеңестің шешімін қабылдау.

Алдын ала атқарылған жұмыс:

1.Нормативтік-құқықтық құжаттаманы зерделеу.

2.Құралдар, баяндама, презентация дайындау.

3.Жаңа оқу жылына топтардың дайындығы.

Похожие публикации:

08 желтоқсан 2022 Педагогикалық кеңес
14 маусым 2021 Іс - шара
31 тамыз 2020 Іс - шара