Кеңес Беру пункті » №184 бөбекжай-балабақшасы
Алматы қаласы
Білім басқармасының
"№184 бөбекжай-балабақшасы"
коммунальдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(727)54-57-40
Есепші бөлімі:
+7(727)54-57-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
31
наурыз
2026

Кеңес Беру пункті

"Қандай ойындар түйсік арқылы әлемді тануға көмектеседі"


 
 

   Баланың кез-келген затпен ойнауы, қолға ұстауы, қарауы, яғни затпен әрекеттесуін қамтитын ойынның бәрі сенсорлы тәрбиенің бөлігі. Баланың күнделікті іс-әрекеттері әртүрлі сезім мүшелерін дамытып, ойлаудың барлық санаттарымен: салмақ, түр-түс, пішін және басқаларымен жұмыс жасағаны маңызды. 

Көру сезімдерін дамыту

  Ол үшін «Күн сәулесі» ойынын ойнаңыз. Күн сәулесі бөлмеге кірген кезде, айна арқылы сәулені ұстап, баланың назарын күн сәулесінің қабырғаға, еденге және төбеге қалай секіретініне ударыңыз. Содан кейін сол  ары-бері секіріп жүрген күн сәулесіне қолын тигізіп көрсін, оны ұстап ал деңіз.

Геометрия фигураларымен танысу

   Балаңыз қағаз бетіндегі пішіндердің сұлбасын сызып шықсын, алақанымен, саусағымен қағаз бетіне сипалап, пішінді сезсін. Қандай да бір пішінге ұқсас заттарды тапсын.

Заттарды көлеміне қарай салыстыру

  Көлеммен танысу үшін заттарды бір-біріне жапсыру әдісін қолдануға болады. Тәжірибе жинақтала келе, заттардың көлемін көз мөлшерімен де   салыстыра бастайды.

Түр-түспен танысу

  Заттарды бір-біріне жапсырып олардың түр-түсі анықталады, шекараның болуы түс айырмашылығын көрсетеді.

Материалдармен танысу

  Материалдармен танысуда «Сөмкенің ішіндегі белгісіз зат» ойыны көмектеседі. Дорбаға әр түрлі заттар салынады, оларды  қолмен ұстап қана не екенін білуге болады, мысалы, жаңғақ, әртүрлі жарма, мақта, бүршік және т. б.

   Сезім-түйсікті дамуға бағытталған басқа да заманауи ойыншықтар бар.  Түрлі-түсті таяқшаларды   сатып алып немесе жасап алып, ойын ойнау арқылы түр-түсті зерттеп, баланы мөлшер, сан, өлшем деген ұғымдармен таныстыра аласыз.

   Дәм, биіктік, дыбыс деңгейі, иіс ұғымдарын зерттеу үшін күнделікті өмірге оңай қиысып кететін ойындар ойлап тапқан жөн.

  Сезім-түйсікті дамыту жұмысы айналамыздағы нәрселермен күнделікті байланыста жүреді. Бала өсе келе заттардың пішіні, түсі, мөлшері және басқа қасиеттері туралы түсінік жинай бастайды. 

   Балаларды әртүрлі ұғымдармен таныстыра отырып, олардың атауларын есте сақтауын, оларды әрі қарай қолдануын талап етпеңіз. Ең бастысы, бала олармен ойнағанда, қолына алғанда заттардың қасиеттерін есіне түсіріп, түсініп  ескергені керек. 

   Сәби кезінде қоршаған әлем үлкен қызығушылық тудырады, ал үлкендер оған толыққанды сезім-түйсігін дамыта алатын ортаны қамтамасыз етуге көмектескені маңызды.